Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жер туралы жаңа заң жобасымен таныстырды.
Павлодар облысындағы Парамоновка ауылындағы орта мектептің мұғалімдер ұжымында шыққан жанжалдың сотқа жететін түрі бар. Үш мұғалім оқу мекемесі директорының үстінен жазылған арызын қайтарған сот шешіміне қатысты апелляция шағымын әзірлеп жатыр. Азаттық тілшісі мектепке барып, істің мән-жайын анықтауға тырысып көрді.
Павлодар қаласы шетіндегі жер үйлердің тұрғындары "қар еріген кезде су жайылуы мүмкін, қазір оны өз күшімізбен тасып шығаруға ақшамыз жоқ" деп шағынады. Кей тұстардағы қасат қардың қалыңдығы 2 метрге жетеді.
Павлодар облысы Аққу ауылында тұратын етікші Бейбіт Хадисұлы аяқкиім тігетін өз кәсібін ашқан.
Чернобыль АЭС-дегі апат салдарын жоюға қатысқан Қуанышбек Асылбековтің отбасы Павлодарда біреудің гаражында тұрып жатыр.
Қазақстан колонияларында кәсібін ашқан санаулы жеке кәсіпкер мардымсыз жалақы, қатал тәртіп жағдайында жұмыс істейді.
Павлодардағы «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйінің төрт түлегі өмірлеріндегі алғашқы қоныс тойын тойлады. Пәтерді аймақтағы ірі шаруа қожалығының басшысы сыйлаған. Баспана мемлекеттік мекеме балансында болады.
Павлодарда Ертіс өзенінің үстінен салынған жаңа көпір ашылды. Құрылысы үш жылдан астам уақытқа жалғасқан көпір - Орталық-Шығыс автожолының бір бөлігі саналады.
Павлодар қаласы маңындағы Жетекші ауылы тұрғындары мал қорымы құрылысын тоқтатуды талап етеді.
Павлодар облысы Ленинский кентіндегі мектеп ұжымы оқушыларды жақсы оқуға ынталандырудың жаңа тәсілін тапқан. Оқушы күнделігіндегі бір күнде алған бес «бестігін» көрсетіп, мектеп асханасынан шайға қоса бір тәтті тоқаш алады.
Павлодардағы 17-балабақша тәрбиеленушілері мүмкіндігі шектеулі құрдастарының алдында өнер көрсетті. Олар «Шалқан» ертегісінің қойылымына бір ай дайындалған. Нәтижесі актерлерді де, көрерменді де риза етті.
Павлодарлық Наталья Коваль теріс мәлімет берген қызметкерлердің кесірінен біреудің қарызын төлеп, өзіне тиесілі жәрдемақысын ала алмай жүргенін айтады.
Павлодардағы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы есеп-шоттары бұғатталуы кесірінен штатын бір жарым мыңнан 500 адамға дейін қысқартып, жабылуға шақ тұр.
61 жастағы павлодарлық тұрғын Любовь Кочергина өмірінде бір рет те зейнетақы алмаған. Өйткені ол кісінің жеке куәлігін қалпына келтіре алмай жүргеніне 10 жыл болған.
Павлодарлық зейнеткер Олег Кутин ең аз зейнетақы алатын жандарға қарттар күніне орай төленетін мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүр. Оның зейнетақысы елдегі ең аз зейнетақы мөлшерінен 2 теңгеге артық болған.
Банктен алған несиесін қайтара алмай отырған фармацевтикалық компания мұны теңге девальвациясымен және Ресейге салынған санкциямен байланыстырады. Бұл дауға ұжым қызметкерлері де іліккен.
Бірнеше ай бойы қала емханаларын жағалап, сергелдеңге түскен павлодарлық тұрғынға бір бума жөргек, әлеуметтік қызметкер мен инватакси қызметін бөлуге уәде еткен. Алексей Антонов жеке көмекшіге әлі зәру екенін айтады.
Павлодарда өмір бойына бас бостандығынан айырылған тұтқындар үшін салынып, құрылысы аяқталмаған түрмені сатуға қоймақ.
Екібастұздағы «Қазақстан вагон жасау компаниясының» жұмысшылары кешіккен жалақыларын даулап жүр. Жалақы бойынша жалпы қарыз - 106 миллион теңге.
Тағы