Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Моңғолиядан келген Әбдікерімнің отбасына Қазақстандағы жағдайға үйренуі үшін біраз уақыт кетті. Олар бұл жаққа тұрақты, жақсы өмір сүреміз бе деген үмітпен келген, бірақ әділетсіздікке тап болды.
Олар бұған жергілікті басшылар кінәлі деп, қазақша мектеп ашуын немесе әрбір шағын ауданда аралас мектеп болуын талап етеді.
Теміртауда орыс тілінде білім беретін екі мектепті қайта құруға қатысты сот басталды. Ата-аналар мен мұғалімдер «балалардың құқықтары бұзылды» деп, қала басшылығына қарсы арызданды. Мұндай сот Қазақстанда бұрын-соңды болмаған.
Теміртау соты Қазақстанның төрт азаматын «терроризмді насихаттаған және дінаралық өшпенділікті тудырған» деген айып бойынша түрлі мерзімге қамау жазасына кесті. Сотталушылар мен олардың туыстары қылмыстық істі «қолдан жасалған» деп санайды.
Теміртау қаласының ескі бөлігіндегі көпқабатты үй тұрғындары «шенеуніктердің әрекетсіздігінен қаланың қирағанына» налып қойып, «буржуйка» деп атап кеткен темір пештерін жағып отыр.
Әлемнің ірі марафондарына талай мәрте қатысқан 54 жастағы теміртаулық Любовь Асанова «Гагарин шақырымдарына» баруға 300 доллар таппай отырған еді. Азаттық радиосы оқырмандарының бірі спортшыны сөзбен жігерлендірсе, енді бірі қаржылай көмектесті.
Теміртауда үлкен мұражай құрылысы салынып жатыр. Оны президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайы деп атап кеткен.
Әлемдегі ірі марафондарға талай мәрте қатысқан Любовь Асанова Гагариннің ғарышқа ұшуының 50 жылдығына арналған Байқоңыр-Саратов үлкен марафонына қатысу үшін 300 доллар таппай отыр.
Теміртаулық тәртіп бұзған, қылмыс жасаған жасөспірімдерді Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы арнайы мектепке жібере бастады. Құқық қорғаушы мұндай әрекеттің соңы жақсылыққа ұласпайды деп есептейді.
Мектеп оқушысы Розлана Ғабдуллина мектеп бағдарламасынан әлдеқашан озып кетті. Азық-түлікке, өсімдіктерге тәжірибе жүргізумен айналысатын жас қыз жақында сызу пәніне арналған оқулық жазып шықты. Ал дәл осы кезде көптеген дарынды балалар Теміртаудан кетіп жатыр.
Алматы облысы Еңбек ауылының бір топ тұрғыны грант есебінен ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін жолға қойды. Күн қуаты пайдаланылатын бұл өндіріске жұмсалатын шығын аз.
Бүгін Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданда туыстары 21 жастағы Жадыра Сармантаеваны жерледі. Оны көлікпен қағып кеткен аудандық полиция бастығының орынбасарына қылмыстық іс тек Жадыра ауруханада жап тапсырған соң бір-ақ қозғалған.
Осыдан 51 жыл бұрын Қазақстан Магнтикасының құрылысына келген жас жұмысшылар бүлік шығарды. Бұл жайында әртүрлі сыбыстар бар. Біз осы оқиғаның куәгерімен кездесіп, көтерілістің беймәлім қырын тануға талпындық.
Теміртаулық туристер тобы Қарқаралы маңынан тапқан қорғаныс бекіністерін жоңғар шапқыншылығынан қалған болар деп топшылайды. Кезінде бұл жерде Кенесары ханның қолы бекінген болуы ықтимал деген жорамал айтылып отыр.
Елдегі бюджет қызметкерлерінің еңбекақысын кезекті рет көбейтуді ұйғарған үкімет тиісті бағдарламаны қабылдап қойды. Алайда, бұл мәселеге қатысты өзгеше ұсыныспен шыққан мұғалімдер өз пікірлерін үкімет ескерсе деп отыр.
Қаңтардың 8-күні Теміртауда Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Мирон Брук жерленді. Фашистердің алты концлагерінде тұтқын болып, ажал тырнағынан аман қалған бұл адам 96 жасында дүниеден өтті.
Теміртау қаласының тұрғыны Тілеукен Смағұлов желтоқсан оқиғалары кезінде Компартия Орталық комитетінің жиынында болған екен, ал Нина Вахитова жастар жатақханаларында кезекшілікті ұйымдастырған. 1986 жылғы желтоқсанды Теміртау қалай өткерген еді?
Теміртауда жергілікті шенеуніктер мен ата-аналар арасында жанжал өршіді Жақын күндері 6 жастағы балалардың барлығы бала бақшадан дереу мектепке- оқуға жөнелтілсін деген хабарландыру тарады. Мұндай шұғыл бұйрықты ата-аналардың наразылығының арқасында ғана жою мүмкін болды.